2017 жылдың 5 қаңтар күні Абай қорық-мұражайында Қайым Мұхамедханұлының туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Экспонат тарихы» жобасы аясында абайтанушы, көрнекті ғалым Қ.Мұхамедхановтың мұражай қорындағы әр жылдары жазылған хаттарының таныстырылымы көпшілік назарына ұсынылды.
28 желтоқсанда ШҚО Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар бейнелеу студиясы оқушыларымен кездесу өткізілді. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Ш.Садықова балалармен Ә.Бөкейханның 150 жылдығы және 2017 жылы аталмақшы Алаш партиясы, Алашорда автономиясының 100 жылдығы туралы әңгіме жүргізді.
Абай (Ибраһим)Құнанбайұлы – адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдыздарының бірі болып табылады. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ол келешек заман үшін де ұлттық құндылығымыздың биік шоқтығы болып қала береді.
2016 жылдың 22 желтоқсан күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің әкімшіліктері меморандумға қол қойды.
2016 жылдың 21 желтоқсан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде ғалым-тарихшы А.Исин және ф.ғ.к., абайтанушы М.Сұлтанбековпен кездесу өтті.
Абайдың қорық-мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тәуелсіздікке жеткен жылдары жеткен жетістіктерді көрсететін әдебиеттер қойылды.
15 желтоқсан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Абай қорық-мұражайы халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұрпағы филология ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовпен тығыз шығармашылық байланыста.
Бүгінде ақындық өнерді биік ұстап, «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» - деп ұлы Абайдың ізін басып, сөз мәйегін түсінер, жырдан маржан терген, жүрегінде оты бар қаламыздың мектептерінен поэзияға жаны жақын оқушылармен ақын С.Қажытаев «Абай» өнер мектебінде кезекті сабағын өткізді.
«Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің оқушылары желтоқсанның 11 жұлдызында «Балалар мен жастар шығармашылық сарайында» қалалық жасөспірімдер арасында командалық жарысқа қатысты.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.
Желтоқсанның 7-ші жұлдызында ақын С.Қажытаев «Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің кезекті сабағын жүргізді.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай музей кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында 2016 жылдың 20 қаңтарында ашылған «Абай» өнер мектебі ашылған өз жұмысын үш бағытта жүргізуде.
«Экспонат тарихы» жобасы аясында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Назарбаевтың Абай мұражайына жасаған тартуларының таныстырылымы өтті.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның он екінші сайланған тұңғыш тәуелсіз Парламентінің депутаты А.Доғалақов Семей қаласының М.Қалматаев атындағы медицина колледжінің ІІ курс студенттеріне «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында лекция оқыды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Ұлы дала ұлағаттары» экспозициялық көрмесі ашылды. Көрмеге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы дала ұлағаттары» кітабы арқау етіп алынған. Бұл туынды еліміздің өз тәуелсіздігінің 25 жылында жүріп өткен жолының шежіресі болып табылады.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қараша айының 29 күні қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті ақын, ғұлама ойшыл, қоғам қайраткері Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты білім сайысы өтті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ұжымы мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану кафедрасының» ғалымдары, ұстаздары Абайдың қорық-мұражайының Күмбезді залында «Алаш идеясы» атты рухани-танымдық кеш ұйымдастырды.