name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ЖИДЕБАЙДА ДӘСТҮРЛІ XVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ 14.09.2016 16:01

  DSC_0016Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы жыр мекені Жидебайда оқушылар арасында дәстүрлі XVII республикалық Абай оқулары өтті.

  Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылымDSC_0007 министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері.

  Сайысқа әділқазы алқасының мүшесі ретінде Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков қатысып қайтты.

  Республикалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу; «Көңілім DSC_0004әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар өз шығармаларын (өлеңдер, әндер,DSC_0038 күйлер) орындау.

  Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, дарынды балаларға арналған облыстық Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушылары, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданының
құрама командаларынан жиыны 113 оқушы сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 19 оқушы жүлдегер атанды.

  Жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталып, жетекшілерге алғыс хаттар, барлық
жж қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

  Сайыс қатысушыларына 7-10 қыркүйек күндері мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама: XVII республикалық Абай оқулары байқауының салтанатты ашылуы, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміжжж ұйымдастырылды.

  Сайысқа қатысушылар Семей қаласының көрнекті жерлерін, мәдени орталықтарын тамашалады. Үш күнге созылған өнер додасы әрмен қарай ұлы Абай топырағында – киелі Шыңғыстау жерінде жалғасты.

  Қонақтарды Абай ауданының шекарасынан қарсы алып, сайысқа қатысушылар Бөрілідегі «М.Әуезов мұражай-үйін» тамашалап, Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасады. «Еңлік-Кебек» ескерткіші жанындағы, «Үй тастағы», «Шілікті кезеңдегі» театрландырылған көріністің куәгерлері болды.

  Сондай-ақ, қонақтар Жидебайдағы тарихи орындар, ескерткіштермен және ұлы ақынның соңғы он жылы өткен Абай мұражай-үйінің экспозициясымен танысып, «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешеніне барып, ұлылар рухына тағзым етті.