name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ЖАҢА ӘЛІППЕ ТАРИХЫНАН БІР ҮЗІК СЫР» АТТЫ СИРЕК КІТАПТАР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ АБАЙ МҰРАЖАЙЫНДА 06.09.2016 16:02

  fonstola.ru-91984Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 8 қыркүйек күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Сирек кездесетін кітаптар музейінің «Жаңа әліппе тарихынан бір үзік сыр» атты көрмесі ашылады.

  Сирек кездесетін кітаптар музейінің негізгі міндеті – халықтың рухани байлығының қайнар көзіне айналған жазба жәдігерлердің алғашқы қолжазба нұсқасынан қазіргі заманауи полиграфиялық өнердің терең иірімдерімен сабақтаса дамыған кітап күйіндегі тарихын баяндау, халыққа көрсету.

  Мұражайдың кітап қорына жинақталған сирек кітаптар және қолжазбалардың мерзімдік ауқымы ХVІІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейінгі аралықты қамтиды.

  Көрме экспозициясына қоғамдық-тарихи маңызы зор XX ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы латын графикасында жарық көрген баспа мұралар таңдап алынып, көрермендер назарына ұсынылады. 

  Көрме қамтитын тақырыптар: 

- Қазақтың бас ақыны мен жыршысы;

- Батырлық жырлар жауһары мен аңыз, әңгімелер;

- Қазақтың алғашқы тіл ғылымы саласындағы кітаптары

- Кеңестік репрессия құрбандары мен қазақ-кеңес жазушыларының кітаптары;

- Қазақ-кеңес жазушыларының кітаптары;

- Шетел әдебиетінің танымал шығармалары. 

  Көнеден бастау алған отандық жазба мәдениетті насихаттайтын ірі мәдени және ғылыми орталығының латын графикасындағы отандық баспа ісі тарихынан сыр шертетін көрмесін Семей қаласының тұрғындары мен қала қонақтары бір ай бойы тамашалай алады.