Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде «Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың асыл арманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік - кешегі ата-бабаларымыздың, «Ұраным - Алаш» деп атой салған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Р.Марсеков тағы басқа алаш зиялыларының аңсаған арманы.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған бұл күн – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті мереке.
Көрмеге тәуелсіздікті жырлаған ақындардың жыр шумақтары, Т.Жұртбайдың «Ұраным – Алаш», Қ.Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы», Қайым-Мұнар Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», «Алматы 1986 желтоқсан» т.б. кітаптар, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы материалдар қойылды.
Кітап көрмесімен қаланың зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ өкілдері танысты.