АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ШӘКӘРІМ ӘЛЕМІ» АТТЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ 23.01.2018 11:18

IMG-20180123-WA0005Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінде «Шәкәрім әлемі» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды.IMG-20180123-WA0004

Аталған көрме «Білім-Инновация» лицейінің «Шәкәрім» апталығы аясында мұғалімдер мен оқушыларға арналып ұйымдастырылып отыр. Жылжымалы көрме барысында қызғушылық танытқандар оқытушылар мен шәкірттер ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, өмірі жолы және ұрпақтары жайлы мағлұматтарға қанығып, білім көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік алып отыр.

Жылжымалы көрме 26 қаңтарға дейін жалғасатын болады.