name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» 26.09.2016 13:09

  Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында 2016 жылдың 25 қыркүйегінде қала күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді.

  Бағдарламада «Абай және Семей қаласы», «Абайдың білім алған оқу орындары» тақырыптарында лекция, тақырыптық экскурсиялар жүргізілді. Келушілер назарына сонымен бірге «Семей десе, Абай деп қарайды адам...» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

  Шараның мақсаты: қала және қала қонақтарын ұлы Абайдың өмірі, Семей қаласымен байланысын, қаланың тарихымен таныстыру.

  «Ашық есік күні» мұражайға қала және қала қонақтары, студенттер, оқушылар келіп, мереке күні тағлымы мол асыл мұралармен танысты.