name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«СЕМЕЙ ДЕСЕ, АБАЙ ДЕП ҚАРАЙДЫ АДАМ...» КІТАП КӨРМЕСІ 27.09.2016 16:55

  20160926_1607122016 жылы 25 қыркүйекте Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайында қала күніне арналған «Семей десе, Абай деп қарайды адам...»  тақырыбында кітап көрмесі ашылды.

  Абай өмірі Семей қаласымен тығыз байланысты. Тарихы ертеден басталатын  қала Абай заманында ірі мәдени, әрі сауда орталығы болды.

  Ауыл молдасынан алғаш сауатын ашқан Абай 1855-1859 жылдары аралығында  Семейдегі  Ахмет Риза20160927_110625 медресесінде оқыды. Осы жылдары өз бетімен орыс мектебінде сауатын ашады. Ақын 1883 жылы ашылған  қалалық кітапхананың тұрақты оқырманы болған. Ел басқару ісіне де араласқан Абай, қоғамдық жұмыстармен қалаға жиі келіп жүрген.

  Көрмеге Дж.Кеннанның «Сибирь», А.Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар», Н.Коншиннің «Труды по казахской этнографии», «История Казахстана в русских источниках XVI-XX  веков»  сериясында басылып шыққан Г.Потаниннің зерттеулері, И.Кастаньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края», Ж.Қасымбаевтың «Города восточного Казахстана в 1861-1917 г.г.», В.Обручевтің «Мои путешествия по Сибирии», В.Цыбульскийдің «Научные экспедиции по Казахстану» еңбектері қойылды.

  Сонымен бірге Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Т.Молдағалиев, М.Бейсенбаев, В.Кашляктың шығармалары және Семей қаласы тарихына байланысты өзге де еңбектер көрмеден орын алды.