name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«МҰХТАР ӘУЕЗОВ – КЕМЕЛ ОЙДЫҢ КЕНІШІ, КЕНЕН СӨЗДІҢ ӨРІСІ» КІТАП КӨРМЕСІ 29.09.2016 16:09

  20160928_1525062016 жылы 28 қыркүйекте Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайында жазушы Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай  «Мұхтар Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» кітап көрмесі ашылды. 

  Қазақ қауымы және қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін М.Әуезов -  дара да, күрделі тұлға.  Ол XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы  қазақ сахарасының  парасат университеті – Абай тәлімінен сусындап өскен. Атасы Әуез бен әкесі Омархан20160928_152453 сауатты адамдар болған. Алты жасында атасының үйретуімен Абай өлеңдерін жаттап, оны ұлы ақынның өзіне айтып берген.

  Өзі оқыған Абайды ұлы эпопеясы «Абай жолы» арқылы  бүкіл әлемге танытты. Эпопеядағы  дана кейіпкер  Абайдың жүріп өткен жолы сияқты Мұхтар Әуезов те сатылап көтеріліп, адамзатқа ортақ мәдени тұлғаға айналды.

  Көрмеге  М.Әуезовтің «Абай жолы» романы және оның шет тілдерге аудармалары,  «Өскен өркен» 20160928_152522романы, «Қилы заман», «Кінәмшіл бойжеткен», балаларға арналған  «Жолда», «Белестер», «Көксерек», «Әдебиет туралы» еңбегі, «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» және өзге де еңбектері орын алды.

  М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған М.Мырзахметұлы, Ә.Молдахановтың, Р.Нұрғали, А.Нұрқатов, Г.Бельгер, Б.Құндақбаев, М.Қаратаев, М.Сұлтанов, Г.Омарханованың және өзге де  ғалымдардың еңбектері көрме мазмұнын аша түсті.

  Көрмеге мәдениет мекемелері, қаланың зиялы қауым өкілдері мен студенттер шақырылды.