name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ 30.09.2016 15:31

  DSC_0024Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қыркүйек айының 30 күні қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің шығармашылығына арналған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы»DSC_0055 атты аймақтық білім сайысы өткізілді.

  Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.

  Сайысқа жалпы саны 80 үміткер қатысты. Олар қала және қала маңындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және жас ізденушілер.

  Байқау үш айналымнан тұрды:

І. Мәнерлеп оқу (Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзінді).

ІІ. Ақындар мүшәйрасы.

ІІІ. Қолөнер байқауы.

 DSC_0060 Осы талаптарға сай байқауды республикамызға белгілі ақын, «Абай» журналының редакторы М.Оспанов, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы М.Алепарова, Абай театрының әдеби жетекшісі М.Қартов, «Дариға-ай» жастар театр әдеби бөлімінің меңгерушісі Б.Игілік пен актер Р.Бейсенұлы, Шәкәрім университетінің оқытушылары М.Татиева менDSC_0059 Б.Нысанғалиева және Абай қорық-мұражайының қызметкерлері бағалады.

  Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Мәнерлеп оқу

I орын- С.Мейрамбеков (М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі)

II орын-А.Жанахметова, Ж.Сембаева (№11 ЖОББМ)

К.Абайова (№22 мектеп-лицей )

III орын-М.Тұрдығалиева, М.Оралбекұлы (№42 ЖОББМ)

Ақындар мүшәйрасы

I орын- Қ.Еркінұлы (М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі)

II орын-Х.Саметова (М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі)

III орын-Е.Кенжебекұлы (№47 ЖОББМ)

  Қолөнер байқауы

I орын-М.Асқарбек (№22 мектеп-лицей)

II орын-Р.Асетұлы(Шүлбі ЖОББМ)

III орын- А.Жақанова(Озерка ЖОББМ)

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.

       DSC_0040   11111

 

                            DSC_0125