name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ХАБАРЛАНДЫРУ 23.09.2016 13:53

  Құрметті қала және қала қонақтары! Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында 2016 жылдың 25 қыркүйегінде Семей қаласы күніне орай «Ашық есік күні» өткізіледі.

  «Ашық есік күні» аясында мұражай экспозициясында «Абай және Семей қаласы», «Абайдың білім алған оқу орындары», «Ахмет Риза мешіт-медресесі» бойынша тақырыптық экскурсиялар жүреді.

  «Семей десе, Абай деп қарайды адам...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

  Киелі қара шаңырақта асыл мұрамен танысқысы келетіндердің баршасын асыға күтеміз! Келіңіздер, көріңіздер!

  Абай мұражайы келушілерге 10.00-ден 18.00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді.

                                             Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі»

                                              қорық-мұражайының баспасөз қызметі

                                               8 (7222) 52-38-52, 52-24-22