name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҚЫТАЙ ЖИҺАНГЕРІ – АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 15.09.2016 10:50

  абАбайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайына 14 қыркүйекте Қытай халық республикасы, Алтай аймағына қарасты  Көктоғай ауданынан Ху жы Ли атты жиһангер келіп, ақын рухына тағзым етті. Ол Ертіспод өзені арқылы қайықпен 33 күнде 1500 шақырым жүріп, Ұлы ақын елінде оны «Қызыл әскер» туристік фирмасының аудармашысы Қали Қыстау қарсы алған екен.

  Мұражай қызметкері Н.Боранбаев қонақтарға «Абай дәуірі», «Үш қайнар бұлақ», «Шыңғыстау» сурет галериясы, «Жаз», «Абайтану» бөлімдерінде экскурсия жүргізді.

  Қытай саяхатшысы өз мақсатын: «Абай су ішкен Ертістен мен де су іштім, осы өзеннің бойында тұрып өстім деген жылы лебізбен білдірді.

  ккХу жы Ли Абай шығармаларының қытай тілінде басылып шыққан жинағын мұражай директоры Б.Жүнісбекұлына  сыйға тапсырды.