АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АЛАШ» МЕДАЛІ ТАПСЫРЫЛДЫ 25.01.2018 13:18

DSC_005324 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ақжол» демократиялық партиясы және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих  және этнология институтының біріккен жобасы бойынша «Алаш» ұлттық автономиясының 100 жылдығының құрметіне» арналған естелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Осы аталған медальді ел мүддесі жолында еңбек етіп келе жатқан өңірімізге танымал бір топ зиялы қауымға Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Алтай арнайы табыстады. Алашорда үкіметінің негізін қалаған арыстарымыздың Тәуелсіздік жолында жанкешті еңбектерін жан-жақты насихаттап келе жатқанDSC_0067 жерлестеріміз де аз емес. Естелік медальмен Б.Жүнісбеков, А.Омаров, Т.Шаңбай, Е.Жетібаев, А.Мұхамедчинов, С. Сыпатай сынды азаматтар марапатталды.

DSC_0158Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы «Ақжол» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Бүркітбай Сұлтанов Алаш қозғалысының 100 жылдығын атап өту шарасына ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқандарға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың алғыс хатын қаламызға белгілі алаштанушы ғалымдар мен БАҚ өкілдеріне және Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында қолдау көрсеткен тұлғаларға тбыстады.

Шара барысында М.Төлебаев атындағы музыкалық коледжінің ұстазы, әнші-сазгер Самат Сыпатай Серік Құсанбаевтың сөзіне жазылған «Арыстар қайда?» әнін орындап, көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ, Абай шаңырағының ақындары Қ.Сабырбай, Б.Ахмер Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқыды.DSC_0003

Марапаттау рәсімінен бөлек, шараға қатысушы қонақтар «М.Әуезов –  Алаш арыстары» музейінің экспозициясын және Абай музейінде орналасқан Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа...» көрмесін тамашалады.

Шара соңында жиылған қауым Алаш көсемі Ә.Бөкейханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым жасады.