name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ «ОТЫРАР» КІТАПХАНАСЫНДА 29.09.2016 17:55

  20160516_142524Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Қ.Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Абайтанудың асқан білгірі» атты көрмені Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында ашты.

  2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен университет кітапханасы базасында «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылды. Ғылыми орталықтың негізгі мақсаты сирек кітаптар мен қолжазбалар жинау, қазақ жазбаларын ғылыми зерттеу, сақтау және оларды жүйелеу, сондай-ақ университеттің оқу үдерісіне қажетті оқулықтармен, ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету болып табылады.  

  Ғылыми орталықта ұйымдастырылған Абай музейінің жылжымалы көрмесінің негізгі мақсаты: студенттерге көрнекті ғалым Қ.Мұхамедхановтың асыл мұраларын насихаттау, бірегей тұлғаның кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолы, қызметі және оның абайтануға қосқан орасан үлесі мен ғалымның музей ісін дамытудағы еңбегі жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Жас ұрпақты рухани білім-біліктілігінIMG-20160929-WA0002 арттыруға бейімдеу оларды Қ.Мұхамедхановтың артына қалдырған мол мұрасын, терең білімі мен жазылған дүниелерін қастерлеп, құрметтеуге шақыру.

  Сонымен бірге көрмені аша отырып мұражай мен университет арасындағы шығармашылық әріптестікті дамыту көзделеді.

  Қазақтың қайсар ұлы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға зор өнеге. Абайтанудың асқан білгірін насихаттау Абай музейінің ұжымы үшін терең парыз.

   Ендеше, бұл іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.