name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНДА «АЛАШ ИДЕЯСЫ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ ӨТТІ 18.11.2016 15:34

  DSC_0101Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ұжымы мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану кафедрасының» ғалымдары, ұстаздары Абайдың қорық-мұражайының Күмбезді залында «Алаш идеясы» атты рухани-танымдық кеш ұйымдастырды.

  Алаш идеясы кешегі қиын-қыстау, тайғақ кешуді басынан өткерген Қазақ зиялыларының асыл арманы, мұраты, ал бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – мемлекетіміздің, халқымыздың бірегей идеясы, біртұтастығы.

  «Алаш идеясы» рухани-танымдық кешінің негізгі мәселелері:

  1. Алаштану ғылымдарының жаңалықтары
  2. Алаш партиясының өнегелік рөлі
  3. Алаш партиясының аңсаған адамзаттық құндылықтары.

  Рухани-танымдық кеш Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаеваның алғысөзімен ашылды.

  Мәдени шара Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің зерттеуші, ғалым М.Ибраемованың «Алғашқы басылымдар» баяндамасымен жалғасып, бүгінгі Алаш ордасы ізбасарларының бірі Қ.Нұрқасым, ардагер ұстаз, ф.ғ.к., абайтанушы М.Сұлтанбеков «Алаш партиясының аңсаған адамзаттықDSC_0108 құндылықтары» жөнінде ой өрбітті. Тарих ғылымдарының кандидаты А.Исин, М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының бас маманы М.Асылбеков, Шәкәрім атындағы университеттің «Редакциялық-баспа» бөлімінің бас редакторы Д.Тлеубердиев «Алаш партиясының өнегелік рөліне» ерекше тоқталды.

  Кеште Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншілері Ж.Әзілқияшева, Т.Төлегенұлы Абай әндерін орындап, өнерлерін ортаға салды. «Философия және саясаттану кафедрасының» меңгерушісі, ф.ғ.д. А.Мұқатаева кешті қорытынды сөзімен аяқтап, аталмыш шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Абай қорық-мұражайының әкімшілігіне зор алғысын білдіріп, Абай қорық-мұражайына, өнер көрсеткен мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

   Кешке қаламыздың зиялы қауымы Ш.Жұмақсанов,Қ.Нұрқасым, мұражай қызметкерлері және Шәкәрім университетінің ғалымдары Д.Мұхамедханов, А.Мұқатаева, Е.Жетібаев, А.Мамырбеков, А.Кенжебулатова, А.Леккер, Д.Рыманов, Д.Каукенұлы, К.Рымтайқызы, Қ.Болысова және БАҚ өкілдері, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.