name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ» КІТАП КӨРМЕСІ 31.08.2017 15:52

  IMG-20170831-WA0017Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумде қабылданған Конституция тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздегі азаматтық қоғам мен демократияның дамуының негізгі алғышарты.

  Ата заңымыз «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды ғасырлық тарихы бар дала заңдарынан бастау алады.

  Кітап көрмесіне дала заңдары мен қара қылды қақ жарып билік айтқан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастатқан қазақ даласындағы билер институтының рөлі жайындағы тарихи кітаптар, 1885 жылы Абай төбе би болып сайланған Қарамола съезінде қабылданған заң ережесі, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң актілері қойылды.

  Кітап көрмесімен музейге келушілер және БАҚ өкілдері танысты.