name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN


   Шәкір Әбенов  Шыңғыстау  баурайындағы Құндызды деген жерде 1901 жылы дүниеге келді.  7 жасында ауылдағы молладан білім алып, кейін қабілетті бала Шәкір  Семейге приходская мектебіне оқуға түседі.   Әкеінің айтуымен Уфа қаласына «Ғалия»  медресесінде оқиды. Оқуын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске  байланысты аяқтай алмайды.

Ш.Әбенов әдеби ортада өмір сүрді. Оның жерлестері – Абай дәстүрін жалғастырушы ақындар: Шәкәрім, Көкбай Жанатаев, Әріп Тәңірбергенов, Уәйіс Шондыбаев, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия, Турағұл  және т.б.

 Ш.Әбеновтың шығармашылық қызметі 1916 жылы «Айқап» журналында   жарияланған өлеңдерінен басталды. Осы кезде  ол Сұлтанмахмұт Торайғыровпен танысып,  оның көптеген өлеңдерін  жаттап алады.

  Шәкір Әбенов  қазақтың халық ауыз әдебиетін және  өткен ғасырлар  ақындары: Сабырбай, Дулат, Түбек,Шакир музей  Жанақ  шығармаларын жетік білетіндігімен танылды. Қазақстанның Ғылым Академиясының әдебиет секторына     ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін  жазып тапсырады.

   30-шы жылдары Ш.Әбенов Ж.Жабаевтың  әдеби хатшысы болып біраз уақыт қызмет етеді. Соғыстан кейін ақын  шығармашылықпен айналысып,  көптеген айтыстарға қатысады,  жүлделерге ие болды.

Шәкір Әбенов  қазақтың ауыз әдебиетімен қоса орыс-батыс әдебиетінің классиктері: Байрон, Гете,  Пушкин, Лермонтов,  Фет,  Блок, Есенин шығармаларын  қызыға  оқып,  өмірінің Рисунок2соңына дейін олардың шығармаларын  орыс тілінде үлкен сезіммен мәнерлеп оқитын.

 Шәкәрімнің «Қалқаман–Мамыр»  поэмасының  әндік сарынын бүгінгі ұрпаққа жеткізген Шәкір Әбенов. Ақынның  сатиралық шығармалары  да ерекше көңіл аударарлық. Өткір тілді,  сәтті теңеулері бар шығармалар көптің көңілінен шығып, ел арасында кеңінен тарайды. Шәкір Әбенов «Таңшебер – Жапал», «Тоқтамыс», «Кейпін батыр», «Ана махаббаты»  және т.б. поэмалардың авторы.

   Шәкір Әбеновтың атақ-даңқын алғаш рет әйгілеген – «Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» поэмасы. АқынРисунок3 шығармашылығы толық зерттеуді тосуда. 

   Орыс тілді оқырмандар ақын шығармашылығын  жергілікті журналистердің мақалалары мен  сирек аудармалар  арқылы ғана біледі. Шәкір Әбенов өз заманының тарихына елеулі үлесін қосқан адам.

  Ақын еңбегі «Халықтар достығы» орденімен,  медальдар және басқалай сыйлықтармен атап өтілді.