name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN

"Абай – Шәкәрім" мавзолей кешені

кешенСелеулі сайын дала кеңістігінде жолаушы көзіне ақшаңқан қос күмбез көрінісі шалынады. Биікке, көгілдір аспанның шыңырау көгіне  ұмтылған бұл күмбездер адам рухының өршіл күш қуатын көрсеткендей. Абай-Шаһкәрім мавзолейі Жидебай жерінде орналасқан.

 Бүгінде Жидебай - әдеби Меккеге айналған, үлкен тағзым етер орын.мавзол

 «Абай – Шәкәрім» мавзолей кешені

Жобаның бас сәулетшісі – Бек Ибраев. Жер табанынан  5 метр биік  платформа – стилобат деп аталатын қабырға- тағанның ені – 65, ұзындығы – 200 м. Қабірлер арасы – 140 м.

мавзолейБұл платформа биігінен сатылай  үш белдемге бөлінген. Бұл қазақ мифологиясындағы әлемнің  үш қабаты туралы түсінігімен астасып жатыр.

Абай қабірінің  үстіндегі мұнара  биіктігі – 32,5 м, Шәкәрім мұнарасының биіктігі – 31,5 м.

 Мұнара құрылысына  Маңғыстау жерінен әкелінген ақ түсті әк шөгіндісі  қолданған. Кесене
 
  едені флоренциялық  мозаика техникасымен қаланған. Қабырға беттері мен қырларында 99 пайғамбардың аты жазылған.  Төрдегі шырағдан «Жеті жарғымен» астас мәнді білдіреді.