Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Қ.Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Абайтанудың асқан білгірі» атты көрмені Астана қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 мектепте ашты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында 26 тамыз күні Суретшілер Одағының мүшесі Рымхан Смайылұлы Бейсекеновтың Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына орай жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
2016 жылдың 22 тамызында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ақын, Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы Шәкір Әбенұлының 115 жылдығын атап өтті.
Семей қаласындағы ақын есімін еншілеген шаңырақтар бас қосып, семейліктер мен қала қонақтары үшін 2016 жылдың 23 тамызы күнікиелі қара шаңырақ – Абай мұражайында қазақтың ұлы ойшыл ақыны, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушы, қазақ мәдениетін әлемдік өркениетке бастаушы, келешек ұрпағына өлшеусіз мол қазына қалдырған данышпан, ғаламдық тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 171 жыл толуына арналған «Абай шаңырақтары шақырады!» атты арнайы бағдарлама әзірлеп, дүбірлі мереке өткізді.
Әр оқырманның жүрегінен орын тауып, ойына ой қосып, шаттық нұрына бөлейтін, қуанса бірге қуанатын, жабықса бірге жабығатын Абай Құнанбайұлының шығармашалығы - қазақ халқының қайта оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
23 тамызда Абай Құнанбайұлының туған күнінде, Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби - мемориалдық қорық- мұражайына ресейлік танымал велосаяхатшы А.Орлов ат басын тіреді.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған шараның басы шаһардың рухани алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Дәстүрге айналған ұлы Абайдың туған күні – 23 тамызды ұлықтау шарасы биыл сәл өзгеше сипатта өткізілмек. Яғни, қаламыздағы ақын есімін еншілеген шаңырақтар бас қосып, семейліктер мен қала қонақтары үшін арнайы бағдарлама әзірлеп отыр.
Келіңіздер, көріңіздер! Руханият қайнарларынан сусындап, алтыбақан аясында ән шырқап, күй тыңдап, өлең өріп, өнер тамашалауға шақырамыз.
Ұлы ақынның туған күніне орай Абай қорық-музейінде осы зерде ордасында жинақталған туындылар негізінде «Шыңғыстау» сурет галереясы ашылды.
16 тамыз, 2016. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына барды.
2016 жылдың тамыз айының 12 күні Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьен Семей қаласына сапары аясында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ақын рухына тағзым етті.
Жаймашуақ жаздың жыл керуеніне ілесе жылжып, қоңыржай күзге жол беретін, балапанын ұшуға баулыған әнші құстардың алыс сапарға қанаттарын қомдап... тіршілік атаулы етек-жеңін қымтайтын шақта, осы бір арайлы Күні – 23-ші тамызда жүрегімізді Жыр тербейді.