Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қараша айының 16 күні «Шыңғыстау – Ұлылар мекені» ҚР оқу ағарту ісінің үздігі, Абай, Ақсуат аудандарының құрметті азаматы Молдабек Жанболатұлының 80 жасқа толуына орай мерекелік әдеби-сазды кеш өтті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы 2016 жылдың 11 қараша күні абайтанушы-композитор, Абай, Шәкәрім ән мұрасын зерттеуші, қолөнер шебері Арғынбек Ахметжановтың 80 жасқа толуына орай «Абай» деп соққан жүрегі ...» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
8 қараша күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы және Семей қаласы Ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесе Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Дәстүрлі құндылық – ұлы мұрат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
6 қараша күні Семей қаласына келген Республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мүшелері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп, ақын рухына тағзым етті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы және қаламыздағы Т. Аманов атындағы № 16 орта мектеппен бірлесіп 1 қарашада «Абай» өнер мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел тұғыры» атты оқушылар шығармашылығы көрмесі ашылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Алаш қозғалысының көсемі Ә.Бөкейханның 150 жылдығына арналған "Абай арманы және Алаш арыстары" кітап көрмесі ашылды.
2016 жыл ЮНЕСКО шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи жылы деп аталуына байланысты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында «Абай және Ясауи әлемі» аттыкөрме ашылды.
Қазақ руханиятының қайнар көзіндей төл әдебиетіміздің көрнекті қайраткерлерінің бірегейі, абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушы, әрі жарыққа шығарушы ғалым. Тумысынан асқан дарынды, зор қабілетті, биік мәдениетті, сұңқар табиғатты текті тұлға Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтуде.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазан айының 27 күні «Ә.Бөкейхан және Тәуелсіздік идеясы» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Ә.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
2016 жылдың 19 қазанында Семей қаласының әкімі Е.Сәлімов бастаған Шыңжан-Ұйғыр автономиясының ресми өкілдері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ұлы ақын рухына тағзым етті.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» жырлаған Абай - жалпы адам баласының рухани және материалдық теңдігін аңсаған ақын, ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері Р.Елекенова, С.Мұқатаева Атырау қаласының С.Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен ұжымына «Адамзаттың Абайы» атты көрме ұйымдастырды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазан айының 14 күні «Абайдың ақын шәкірттері» көрмесі ашылды. Көрме ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шәкірттері – Әріп Тәңірбергенұлының (1856-1924) – 160, Көкбай Жанатайұлының (1861-1925) – 155, Ақылбай Абайұлының (1861-1904) – 155, Әубәкір Ақылбайұлының (1881-1934) – 135, Шәкір Әбенұлының (1901-1994) – 115 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қоры Ұлы ақынның монғол тіліне аударылған шығармалар жинағымен толықты.
2016 жылы 13 қазанда Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қорына - белгілі ақын, Аманжан Жақыповтың түрік тілінде талданып жазылған зерттеу еңбегі, «Түрік халқының мақал-мәтелдері мен жұмбақтары» және Аманжан Жақыпов туралы ақын-жазушылардың ой-пікірлері топтастырылған журнал сыйға тартылды. Кітаптарды «Арыс» баспасының редакторы Мақсұтқан Аманжанұлы Жақып тапсырды.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы қазан айында Семей қаласының «Пригород», №9, №15мектептерінде «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» атты көрме ұйымдастырылды.
2016 жылдың 10 қазанында Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Абай – би және татуластырушы» тақырыбындадөңгелек үстел өткізді.
Канаданың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайл Семей қаласына келген арнайы іссапар барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ұлы ақын рухына тағзым етті.
2016 жылдың 5 қазанында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында белгілі қоғам қайраткері, жазушы, телерадиожурналист Сұлтан Шәріпұлы Оразалымен кездесу өткізілді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Экспонат тарихы» жобасы аясында қордағы Мұхтар Әуезовтің әр жылдары жазған хаттарының таныстырылымы көпшілік назарына ұсынылды.