2017 жылдың 1 наурыз күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай танымдық кеш ұйымдастырды.
Абай мұражайында ұлы жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің драмалық шығармасы «Еңлік–Кебек» пьесасының сахнаға қойылғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ашылды.
Мұражайымызда «Еңлік-Кебек» пьесасының алғашқы қойылымына 100 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырды.
2017 жылдың 27 ақпан күні Абай мұражайының ғылыми қызметкері Н.Боранбаев №47 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты жылжымалы көрме-лекция ұйымдастырды.
2017 жылдың 15 ақпан күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Абай» өнер мектебінде Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектеп оқушыларының «Степей бескрайних бархатный ковер» атты қолөнер туындыларының көрмесі өтті.
Біз бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Абай музейі ұжымының ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына байланысты «Астана-Защита» бағытындағы №67/68 «Тұлпар-Тальго» пойызын «Абай жолы» деп атауын сұраған өтінішін қанағаттандырып, оның осындай атаумен биылғы жылы қаңтардың соңы немесе ақпан айының басында жүре бастайтыны туралы шешім қабылдағанын айтқан едік.
11.02.2017 күні Абай мұражайының ұйымдастыруымен Жарма ауданы, Сұлусары ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы Төлеу ақынның шығармашылық мұрасына арналған «Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты» атты ашық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
10.02.2017 күні №15 жалпы орта білім беретін мектепте Абай мұражайының «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты көрмесі болды.
Абай мұражайында ұлы жазушы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың аясында «Мұхтар Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» атты кітап көрмесі ашылды.
«Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражай экспозициясы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін өз көрермендерін асыға күтеді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 2017 жылдың 10 ақпанында сағат 10.00-де көрнекті жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай«Абай жолы»: алашты паш еткен әлемге» көрмесі ашылды.
2017 жылдың 3 ақпанында Швецияның Қазақстандағы елшісі Кристиан Камилл Семей қаласына келген арнайы іссапар барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ұлы ақын рухына тағзым етті.
2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы жария етілді.
Қазақ әдебиетінің классигі, драматург, абайтанудың іргесін қалаған кемеңгер ғалым М.О.Әуезовтің биыл атап өтілетін 120 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайыныңдиректоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы және Семей қаласының білім бөлімі екі жақтық келісім негізінде былтырғы жылдан бастап мектеп оқушыларына «Абайтану» курсы мұражайда жүргізіліп келеді.
2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» факультетінің студенттеріне «Абайтану» курсын оқыту музей қабырғасында өткізіліп жатыр.
2017 жылдың 19 қаңтарында Абай қорық-мұражайында «Шырайлы Шыңғыстау» көрме-бағы ашылды. Көрме музейдің ескі және жаңа ғимаратын жалғайтын, бұрын бос тұрған кіреберіс бөлмесінде ұйымдастырылды.
Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті, Басқарма төрағасы Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға Абай музейі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан «Алдағы, 2017 жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толатынын ескере отырып, «Астана-Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұлпар-Тальго» поезын «Абай жолы» деп атауды сұраймыз» деген мазмұнда арнайы хат жолданған болатын-ды. Хатқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов, «Абай» қорының президенті О.Кәрібжанов, Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, республикалық «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің А.Еспенбетов, А.Исин, М.Кәрімов, М.Түйебаев, М.Мұхамадиев тәрізді т.б. бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қол қойған.
2017 жылдың 11 қаңтары күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шәуеев Азат Сәдіметұлы және «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы»республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2017 жылдың 5 қаңтар күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, ұстаз, ҚазақССР-нің тұңғыш Гимнінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың туған күніне арналған көрме ұйымдастырылды.