name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
«ЕҢЛІК-КЕБЕК» ПЬЕСАСЫНА – 100 ЖЫЛ 28.02.2017 18:00

  Мұражайымызда «Еңлік-Кебек» пьесасының алғашқы қойылымына 100 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырды. 




М.ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ 27.02.2017 16:32

  2017 жылдың 27 ақпан  күні Абай мұражайының ғылыми қызметкері Н.Боранбаев №47 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына  қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты жылжымалы көрме-лекция ұйымдастырды.




«АБАЙ» ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ АШЫЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ 16.02.2017 14:49

  2017 жылдың 15 ақпан күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Абай» өнер мектебінде Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектеп оқушыларының «Степей бескрайних бархатный ковер» атты қолөнер туындыларының көрмесі өтті.




«АБАЙ ЖОЛЫ» ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ 14.02.2017 11:24

   Біз бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Абай музейі ұжымының ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына байланысты «Астана-Защита» бағытындағы №67/68 «Тұлпар-Тальго» пойызын «Абай жолы» деп атауын сұраған өтінішін қанағаттандырып, оның осындай атаумен биылғы жылы қаңтардың соңы немесе ақпан айының басында жүре бастайтыны туралы шешім қабылдағанын айтқан едік.  




«ҰЛТ РУХАНИЯТЫ – ҰРПАҚ АМАНАТЫ» 13.02.2017 16:45

  11.02.2017 күні Абай мұражайының ұйымдастыруымен Жарма ауданы, Сұлусары ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы Төлеу ақынның шығармашылық мұрасына арналған «Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты» атты ашық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.




«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ» 13.02.2017 16:39

  10.02.2017 күні №15 жалпы орта білім беретін мектепте Абай мұражайының «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты көрмесі болды. 




ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ 10.02.2017 15:50

  Абай мұражайында ұлы жазушы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың аясында «Мұхтар Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» атты кітап көрмесі ашылды. 




ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ! 10.02.2017 11:19

  «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов»  мұражай экспозициясы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін өз көрермендерін асыға күтеді. 




«АБАЙ ЖОЛЫ»: АЛАШТЫ ПАШ ЕТКЕН ӘЛЕМГЕ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 10.02.2017 11:10

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 2017 жылдың 10 ақпанында сағат 10.00-де көрнекті жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай«Абай жолы»: алашты паш еткен әлемге» көрмесі ашылды.




ШВЕЦИЯ ЕЛШІСІ АБАЙ МҰРАЖАЙЫНДА 06.02.2017 11:51

  2017 жылдың 3 ақпанында Швецияның Қазақстандағы  елшісі Кристиан Камилл Семей қаласына келген арнайы іссапар барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ұлы ақын рухына тағзым етті.




ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН СЕМЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЛҚЫЛАУДА 06.02.2017 11:21

  2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы жария етілді. 




АБАЙ МУЗЕЙІ: ӘУЕЗОВ МЕРЕЙТОЙЫНА ӘЗІРЛІК 03.02.2017 09:34

  Қазақ әдебиетінің классигі, драматург, абайтанудың іргесін қалаған кемеңгер ғалым М.О.Әуезовтің биыл атап өтілетін 120 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайыныңдиректоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.




«АБАЙТАНУ» КУРСЫН ОҚЫТУ 02.02.2017 16:32

  Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы және Семей қаласының білім бөлімі екі жақтық келісім негізінде былтырғы жылдан бастап мектеп оқушыларына «Абайтану» курсы мұражайда жүргізіліп келеді. 




СТУДЕНТТЕР «АБАЙТАНУ» КУРСЫН АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ОҚУДА 20.01.2017 15:04

  2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап  Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» факультетінің студенттеріне «Абайтану» курсын оқыту музей қабырғасында өткізіліп жатыр. 




«ШЫРАЙЛЫ ШЫҢҒЫСТАУ» КӨРМЕ-БАҒЫ АШЫЛДЫ 19.01.2017 16:02

   2017 жылдың 19 қаңтарында Абай қорық-мұражайында «Шырайлы Шыңғыстау» көрме-бағы ашылды. Көрме музейдің ескі және жаңа ғимаратын жалғайтын, бұрын бос тұрған кіреберіс бөлмесінде ұйымдастырылды.




АБАЙ МУЗЕЙІ: ПОЙЫЗ «АБАЙ ЖОЛЫ» АТАЛАТЫН БОЛДЫ 16.01.2017 13:25

   Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті, Басқарма төрағасы Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға Абай музейі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан «Алдағы, 2017 жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толатынын ескере отырып, «Астана-Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұлпар-Тальго» поезын «Абай жолы» деп атауды сұраймыз» деген мазмұнда арнайы хат жолданған болатын-ды. Хатқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов, «Абай» қорының президенті О.Кәрібжанов, Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, республикалық «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің А.Еспенбетов, А.Исин, М.Кәрімов, М.Түйебаев, М.Мұхамадиев тәрізді т.б. бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қол қойған.




АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА САЙТЫ – «ABAIALEMI.KZ» 12.01.2017 14:10

  2017 жылдың 11 қаңтары күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шәуеев Азат Сәдіметұлы және «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы»республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.




5 ҚАҢТАР – ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 05.01.2017 11:51

  2017 жылдың 5 қаңтар күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, ұстаз, ҚазақССР-нің тұңғыш Гимнінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың туған күніне арналған көрме ұйымдастырылды. 




ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ 05.01.2017 11:46

  2017 жылдың 5 қаңтар күні Абай қорық-мұражайында Қайым Мұхамедханұлының туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.




«ЭКСПОНАТ ТАРИХЫ» ЖОБАСЫНДА – ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ХАТТАРЫ 05.01.2017 11:36

  Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Экспонат тарихы» жобасы аясында абайтанушы, көрнекті ғалым  Қ.Мұхамедхановтың  мұражай қорындағы әр жылдары жазылған хаттарының таныстырылымы көпшілік назарына ұсынылды. 




Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] 4 [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ]