Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының соңында қалған мұраларын сақтау мен тағылымын қалың елі қазағына жеткізудің маңыздылығы – жалпыұлттық мәселе. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Ең басты мақсат – Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төрткүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете таныту арқылы туған халқымыздың мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу» деген сөзі музей қызметкерлеріне серпін беруде.
Сіздердің баршаңызды төл мерекеміз, 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «ЭКСПО -2017» мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылған «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне «Туған жер» бағдарламасы бойынша Петропавл қаласынан бір топ оқушы келді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Адамзаттың Абайы» атты көрмесі Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығы және Өзбекстан ұлттық телеарнасындағы қазақ тілінде жүргізілетін телебағдарламаның 50 жылдығына арналған шаралар аясында ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ғұлама жазушы, драматург, абайтанудың негізін қалаушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты көрме ұйымдастырды.
2017 жылдың 8 маусымында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келді.
Уақыт өткен сайын абайтанушы ғалымдардың талай жылғы еңбектері еленіп, оларға көше аттары беріліп, зерттеу кітаптары жарыққа шығып, барынша кең ауқымда ұлықталуда. Осы орайда, М.Әуезовтен кейін Абай мұрасын жинауды, насихаттауды болашақ алдындағы парызым деп білген Қ.Мұхамедхановқа Семей қаласының орталығынан көше аты берілді. Бұл жетістікті қазақ қауымы асыға күткен еді. Міне, сол арман да орындалды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне қарасты шалғай орналасқан зиярат орынының бірі – Кеңгірбай би кесенесі. Ел аузында «Би-ата» атанып кеткен тарихи тұлғаның қорымына атбасын бұрушылар әуелден аз емес. Би-атаның рухын ардақ тұтқан азаматтар оның ескі қорымын 1996 жылдары Ақтаудың тастарымен әрлеп, басына мешіт, шағын асханалы қонақжай салып, кішігірім кешенге айналдырған. Мұның бәрі Би ата басына зиярат етіп келушілер үшін өте қолайлы жағдай болды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің "Фирдоуси Абай елінде" мәдени шарасы ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде "4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне" орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Алаштың арда азаматтарының бірі Тоқтар Әубәкіров келді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарының үздік студенттерін Абай еліне саяхатқа жіберу туралы ұсыныс-хат жіберген еді. Соған орай музей басшылығының болашақ мамандардың бойына Абай тағылымын сіңіруге қатысты ұсынысы министрлік тарапынан қолдау тапқанын атап айту керек.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 31мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Біз куәлік етеміз»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 31 мамырда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп Жарлық қабылдағаннан бері 31 мамыр күні қазақ халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып аза тұтады.
2017 жылдың 30 мамырында қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің немересі Мағжан Мұратұлы Алаштың рухани ордасы Семей қаласына келді. Құрметті қонақтарды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбекұлы қарсы алды.
Әне-міне дегенше халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуына да санаулы күндер қалды. Ресми дерек бойынша, көрме аясында әртүрлі форматта 7 мыңнан астам мәдени шара өтпек. Қытайда түсіріліп жатқан «Абайдың балалық шағы» атты көпсериялы анимациялық фильмі де халықаралық көрме кезінде көпшілікке ұсынылмақшы.
Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі бірлесіп, өзге ұлт жастары арасында «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты қалалық Абай оқуларын ұйымдастырды.