Ұлы Жеңіс халқымыз үшін тарихта мәңгі қалатын күн. Біз үшін ең қасиетті де қастерлі мереке. Отанды зұлым жаудан қорғап, қан майданда ерлік көрсеткен ардагерлеріміз қаншама. Сол ержүрек азаматтарымыздың бір тобы – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. Ұлы мерекеге орай мамырдың 5-і күні Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты көрме ашылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы мамыр айының 5 күні сағ Ұлы Жеңіс күніне арналған «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.
2016 жылғы 4 мамырда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ» атты көрмесі Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайында ашылды.
Абай – жаратылысы айрықша, қазыналы кемеңгер. Бүгінгі күнде «Қазақтың бас ақыны» деп А.Байтұрысынов мойындаған Ұлы ақын әлемге әйгілі. Қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің қалыптасып дамуына негіз салған біртуар дарын иесінің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты жинақтап, зерттеп, насихаттау жұмыстарын Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының жүргізіп келе жатқанына 75 жылдан асты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды.
27 сәуірде Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы аймақтық VІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Сайысқа қала, қала маңындағы және облыстық мектеп оқушылары қатысты.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында сәуір айының 26 күні Мінәш Әрхамқызының туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлыларды ұлықтағын ұстаз» атты әдеби-сазды кеш өтті.
2016 жылдың 26-ші сәуір күні сағат 15.00-те Абай мемлекеттік қорық-мұражайында ұлылардың көзі, асылдың сынығы, ұлағатты ұстаз Мінәш Әрхәмқызы Ысқақова 90 жылдығына арналған «Ұлылардың көзі» атты көрме ашылды.
2016 жылдың 25 сәуірінде Сауд Арабиясының өкілдері Семей қаласына келген арнайы іссапар аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына ат басын тіреді. Мәртебелі қонақтарды мұржай қызметкерлері қарсы алды.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының әкімшілігі 2016 жылдың 23 сәуірінде Абай ауданындағы бөлімі Жидебайдағы «Абай мұражай-үйіне» ғылыми іссапармен барып қайтты.
2016 жылы 22-ші сәуір күні сағат 15.00-те Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында халық ақыны Шәкір Әбенұлының 115 жылдығына арналған «Алмастай жарқылдаған ақын Шәкір» атты көрме ашылды.
2016 жылы 22-ші сәуір күні сағат 15.00-те Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында халық ақыны Шәкір Әбенұлының 115 жылдығына арналған «Алмастай жарқылдаған ақын Шәкір» атты көрме ашылады.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы 2016 жылдың 19 cәуірінде Абай аудандық Білім бөлімімен бірлесе Абайдың талантты шәкірті, әрі досы Көкбай Жанатайұлының туғанына 155 жыл толуына арналған дәстүрлі «Көкбай оқулары» атты сайыс ұйымдастырды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының қоры тағы да бір тарихи, аса құнды жәдігермен толықты. Бұл жәдігерді мұражайға табыстап отырған Қарағанды облысында тұратын жасы 85-ке келген Рамазан Құсайын ұлы деген ақсақал.
Абай қорық-мұражайында 18 сәуір – Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне арналған көрме ашылды. Оған қойылған алуан түрлі кітаптар, альбомдар және ақпараттық тақталар бізді Ұлы дала елінің тарихи ескерткіштерімен таныстырып, тәуелсіз Қазақстанның қаһарман тарихын паш етеді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы сәуір айының 18 күні сағат 11.00-де ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне орай «Тарихи ескерткіштер-елжандылық тұғыры» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы сәуір айының 18 күні сағат 11.00-де, 18-сәуір ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне орай «Тарихи ескерткіштер-елжандылық тұғыры» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырады.
2016 жылдың 13 сәуір күні Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының экскурсиялық ғылыми-көпшілік жұмыстар бөлімінің ғылыми қызметкері Г.Бейсембинова ШҚО «Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» күтінушілеріне абайтанушы, ғалым Қ.Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Абайтанудың асқан білгірі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында сәуір айының 6 күні мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ» байқауы бірінші рет өткізілді.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2016 жылы 6 мамырда абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.