АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЖИДЕБАЙДАҒЫ МУЗЕЙ ТҮНІ 13.08.2019 17:08

67895921_679280562546380_3264458483952517120_o   Жидебайдағы Абайдың музей-үйінде данышпан ақынның 174 жылдығына орай Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі, Абай ауданының әкімдігі мен67957718_679280529213050_5495932257535262720_o Шығыс Қазақстан облыстық С.Аманжолов атындағы университеті бірлесіп бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
  Қазақтың бас ақынының өмірінің соңғы жылдары өткен қарашаңырақта Абай 68323414_679280652546371_3565048212614021120_o ауданының "Қаламқас" ән-би ансамблінің мерекелік концерті музей қонақтарының назарына ұсынылып,
  Ұлы Абайдың туысы Манатай Толғанбаев ақсақал ақ батасын арнады. Мерекелік іс-шарада Абай әндері қалықтап, жас дарын иелері хакім өлеңдерін жатқа оқып,67819793_679280749213028_6786723633977884672_n жыр жолдарын арнады.
  Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ШҚО, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту орталығы, облыстық орталық кітапхана ұжымы, 68579900_679280869213016_1235935590281641984_n облыстық өлкетану музейі, Абай ауданының М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханасы көрме өткізді.
  Ресми бөлімнен кейін С.Аманжолов атындағы университет ұжымы Абай Құнанбайұлының рухына Құран қатым бағыштап, ас берді.

  Ұлы ақын мұрасына қызығушылық танытқан қонақтар түн ортасына дейін музейді аралап, Хакім Абайдың өмірі67913259_679280962546340_4107398897293328384_n мен шығармашылығына, ақынның өнер айналасына қатысты мағлұматтарға қанықты!
Музей түні Абай музейінде болашақта да өз жалғасын табады.