АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЖИДЕБАЙ ЖЕРІНДЕ "ЖАСТАР КЕРУЕНІ" 15.08.2019 16:42

68756697_680394449101658_2167352269790511104_n   "Жастар жылы" аясында қазақ елінің әр түкпірінен жиналған дарынды жастар Ұлы Абайдың Жидебайдағы музей-үйін тамашалап қайтты.
  "Жастар керуені" республикалық акциясының мақсаты байтақ еліміздің киелі және мәдени маңызы бар орындарын аралау арқылы жастардың туған жерге деген 68595731_680394735768296_8715337088603521024_n патриоттық сезімін арттыру, жастар саясатын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
  Дарынды жастарды қарсы алған Абай аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы басшысының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбай, облыстық "Жастар ресурстық 67910746_680394922434944_2917789056194576384_n орталығының" директоры А.Керімбекқызы құттықтап, Абай ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Төлеубек Аманғазы тілегін арнады.
  Жастар музей алаңында "Қаламқас" халық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасында орындалған Абайдың "Сегіз аяқ" , "Татьянаның Онегинге жазған 68797095_680394569101646_4292629983387451392_n хаты", "Өзгеге көңілім тоясың" әндерін тыңдап, театрландырылған көрністі тамашалады.
  Мәдени іс-шара соңында "Жастар керуені" өкілдері Абайдың 175 жылдығы аясында бастау алған, Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетесын (челенджін) "Көзімнің қарасы" әнімен жалғастырды.