АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЖИДЕБАЙДА АБАЙ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ 23.08.2019 18:37

69367345_687404185067351_1328101332141211648_n    Жидебайға арнайы Шәкәрім университеті мен Абай музейінің ұжымы және де басқа да қалалардан келген қадірлі меймандар Абайдың музей-үйі мен «Шәкәрімнің Саят қорасы» музейінің экспозициясымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.
   Кеш «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешеніндегі амфитеатрда «Өлең толқыны» поэзия69468652_687404245067345_1407799239207026688_n пленэрімен жалғасты. Алматы, Павлодар және Семей қаласының жас ақындары байқау шарты бойынша Абайға арналған жыры мен еркін тақырыптағы шығармаларын оқыды. 17 ақын қатысқан тартысты додада қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар арнайы стипендиялармен, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
   Абай Құнанбайұлының туған күні арналған шара Абай-Шәкәрім жарығын жағумен аяқталды. Ұлылар мекенінің қос шамшырағын Шәкәрім университетінің ректоры 69340840_687404205067349_2243895656521400320_n Мейір Ескендіров пен Абай музейінің директоры Жандос Әубәкір жақты. Жыл бойы сөнбей жанып тұратын жарық қос ақынның өшпес ілімі сынды алыстан менмұндалап жолаушыларға жол көрсетіп, алыстан көрініп тұратынын атап өтті. 
   Абай-Шәкәрім жарығын жағудағы басты мақсат бүгінгі қоғамға жетіспейтін ой69232782_687404835067286_6648901157106221056_n жарығын сөндермеу. Бұл тек кесене жарығы емес, ой жарығы болып ұлылар мекеніне нұр шашары анық.
   Шәкәрім университетінің ректоры М.Ескендіров пен аталмыш оқу ордасының ұжымына "Абай-Шәкәрім" мавзолей кешенін жарықтандыруға қолдау білдіргені үшін қасиетті шаңырақ атынан алғыс білдіреміз.