АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЖЕР ТАРИХЫ - ЕЛ ТАРИХЫ 25.09.2019 15:33

70888976_707288119745624_8871565935585001472_n   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде тарихшы, шежіреші, ел мен жердің тарихын жадына тоқыған дуалы ауыз Нәстілек Сәменбетовпен кездесу өтті.
  Кездесу сырлы сұхбатқа ұласып, ғибратты әңгімемен жүйесін тапты. Шыңғыстау пен 71496676_707288176412285_6277984100636688384_n Шұбартау арасын жалғаған киелі мекендерді жіпке тізіп, сол аймақтың шежірелі сырын шешендік тілмен музей қызметкерлері және жиналған студент қауымға шебер жеткізді.
  Абайдың дарынды ақын шәкірттерінің бірі – Уәйіс Шондыбайұлы тұрғысында өзінің 71082522_707288259745610_77438634009034752_n жинаған еңбектерімен ф.ғ.к., Еркебұлан Мұқашев таныстырды. 
  Н.Сәменбетов жер тарихы туралы түрлі мәліметтер беріп, жиынға қатысқан әр адам ұлылар мекеніне саяхат жасап келгендей әсер қалдырды.
  Сұхбаттың соңын ала шежіреші ақсақал осындай кездесу ұйымдастырып отырған 71148473_707288393078930_8032327650909356032_n Абай музейіне алғысын білдіріп, «келешекке кемел біліммен» деп сөзін түйіндеді. Музей басшысы Ж.Әубәкір Хәкім Абайдың шаңырағы атынан Н.Сәменбетовтің арқасына шапан жауып, ел мүддесіне қажетті елдік тарихты тас түйін жинақтаудағы еңбегі туралы жеткізді.