АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ЖАРҚЫНДАҒЫ» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ 16.11.2017 16:55

DSC_0011«Абай жолы: алашты паш еткен әлемге» атты жылжымалы көрме өз жалғасын табуда. Бүгін аталған көрме қаламыздың маңында орналасқан «Жарқын» ауылындағы «Жарқын» жалпы орта білім беретін мектепте ұйымдастырылды.DSC_0019

Көрменің мақсаты – заңғар жазушының өнегелі өмірін, шығармашылығын жан-жақты насихаттау, жас ұрпақтың зейінін арттыру.

DSC_0015Шараны М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің 2 курс студенті, жас әнші А.Тоқтарболатова Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашты.

Көрме аясында, ұстаздар мен оқушылар М.Әуезовтің туып-өскен жерімен, «Абай жолы» романына қатысты деректермен танысты.DSC_0049

Сергіту сәтінде «Асығың алшысынан түссін» ойыны ұйымдастырылып, оқушыларға кемеңгер жазушының өміріне байланысты сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген бес оқушы асық иіріп, асығын алшысынан түсіруге тырысты. Соңында, ойынға қатысқан барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар берілді.

Мектеп директоры Г.Халелқызы шараны қорытындылай келе, Абай музейінің ғылыми қызметкерлеріне алғыс білдірді.