АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЖАПОНИЯ ЕЛШІСІ АБАЙ МУЗЕЙІНЕ ЕКІНШІ РЕТ КЕЛДІ 28.05.2018 17:11

  DSC_0022Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата Семей қаласына жасаған жұмыс сапарында Абай шаңырағына арнайы келді. Бұл оның ұлы ақын мұрасы шоғырланған зерде орталығына екінші рет келуі екен. 27 мамыр күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне бас сұққан бетте осыдан екі жыл бұрын осы ортада болғанын есіне түсіріп, әңгімелеп берді.

  Итиро Кавабата мырзаның ұлы Абай шығармасы мен оның философиясынаDSC_0021деген қызығушылығы зор екені көрініп тұрды. Содан да болар музейдің барлық бөлімдерін еркін аралап, өзінқызықтырған сұрақтарға жауап алуға тырысты. Музеймен танысып шығуға бір сағаттан артық уақытын арнады. Экскурсиялық қызметтен бөлек музей директоры Б.Жүнісбековтың Қазақстан мен Жапон елі арасындағы ұқсастықтар мен саяси байланыстар туралы айқын пікірлері де елшінің елімізге деген ықыласын оята түскендей. Әсіресе, Алаш арыстарының DSC_0034кезінде еліміздің дамуында Жапон мемлекетінің үлгісін ұстануға бел буғаны туралы деректерге қонақ көбірек көңіл аударды.

  Экскурсия барысында «Абай дәуірі», «Үш қайнар бұлақ», «Абайдың ақындық айналасы», «Абай жолы», «Жаз», т.б. бөлімдерімен танысып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық деректерін көрсететін архив деректеріне, фотосуреттер мен жәдігерлерге ден қойды.

  Жапония елшісі Абайдың рухани мұрасын сақтап отырған музей ұжымына зор алғысын білдірдіп, мәртебелі қонақтарға арналған «Зерде» кітабына қолтаңбасын қалдырды.