name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ӨЗГЕ ҰЛТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» 26.05.2017 16:52

  DSC_0035Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі бірлесіп, өзге ұлт жастары арасында «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты қалалық Абай оқуларын ұйымдастырды.

  Байқаудың мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік келісімін, бай қорын АбайDSC_0007 шығармалары арқылы насихаттау, Абай шығармашылығы негізінде қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру, ұлы ақын шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру болып табылады.

  Байқау үш бөлімнен тұрды.

1-ші бөлім: Абай шығармаларын (поэзия, қара сөздері) қазақ тілінде жатқа айту.

2-ші бөлім: «Абай жолы» романынан қазақ тілінде жатқа үзінді оқу.

3-ші бөлім: Әншілік қабілеттерін көрсету (Абай әндерін немесе қазақ халық әндерін орындау).

  DSC_0077Әділ-қазылар құрамында тілдерді дамыту секторының меңгерушісі М.Аманбердіқызы, КазИГЗУ филология кафедрасының оқытушысы А.Құдайбергенов және Абай қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Г.Бейсембинова болды.

  Байқаудың қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Шәкәрім универсиетініңDSC_0078 студенті М.Кульнева, 1 орынды М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенті Е.Габрелян, 2 орынды М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Л.Пылнова, 3 орынды Бизнес және сервис колледжінің студенті Е.Дегина иеленді.

  Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.