name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ М.ӘУЕЗОВКЕ – 120 ЖЫЛ 15.05.2017 18:34

  IMG-20170515-WA002813 мамырда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері Н.Боранбаев  №20 жалпы орта білім беретін мектепте М.Әуезовтің тағылымды өмірі мен әлемдік деңгейде жазылған шығармаларын насихаттау мақсатында аталмыш мектепте «АБАЙ ЖОЛЫ»: алашты паш еткен әлемге» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

  Шара барысында ғылыми қызметкер көрмемен таныстырып, мұғалімдер мен оқушыларға қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің шежіресін, алтын бесік - туған жерін, «Абай жолы» романын жазу үстіндегі ізденістерін, Абай еліне саяхатын толықтай таныстырды.

  Мектеп директоры бастаған оқытушылар қауымы музейге алғысын білдірді. Абай музейі мен №20 мектеп арасындағы игі шара әлі де жалғасын таппақ.