АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЕУРОПАНЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖИДЕБАЙ ЖЕРІНДЕ 06.08.2019 14:04

67660806_674654443008992_8072597118247763968_o   Қазақстанның Австриядағы елшілігінің және қазақ географиялық қоғамының қолдауымен қазақ елінің Еуропа елдеріндегі достарынан құралған «Ұлы Дала 67543521_674654506342319_4491879971584737280_o мемлекеті» экспедициясының мүшелері Жидебай жерінде болып ұлылар рухына тағзым етті.
  Ұлы Дала мемлекеті» экспедициясының негізгі мақсаты Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау, Алакөл, Алтын Емел және Балқаш сияқты еліміздің киелі жерлерімен танысу болып табылады.
67644038_674654309675672_6163681255519944704_o   Баден-Вюртемберг федералдық жерінде Қазақстанның құрметті консулы Доротея Халлер-Ляйбле, Австрия-Қазақстан қоғамының Вице-президенті, БҰҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы президенті Кристине Муттонен, Штутгарт аймағының68493368_674654566342313_7371420162165047296_n  сауда-өнеркәсіп палатасының бұрынғы атқарушы директоры Андреас Рихтер, Австриядан келген туризмді дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы Фердинанд Позник, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі Парламенттік комитеттің мүшесі Сапар Ахметов, Қазақстанның Австриядағы және Словениядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай сынды меймандарЖидебайдағы Абайдың музей-үйімен жəне Шəкəрімнің Саят қорасы музейінде орналасқан жәдігерлер арқылы Хакім Абай, данышпан Шəкəрімнің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен танысты.
  Бұған қоса қадірлі қонақтар Абай музейінің асыл қорына "Абай жолы" роман-эпопеясының және Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің неміс тіліндегі аудармасын сыйға тартты.