АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЕЛОРДАДАҒЫ АБАЙТАНУ САБАҚТАРЫ 27.05.2019 08:40

  WhatsApp Image 2019-05-27 at 09.05.11 (1) Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер аясында Елордадағы №49 орта мектеп пен №51 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған WhatsApp Image 2019-05-27 at 09.05.11 (2) абайтану дәрістері оқылды.

  Дәріс аясында астаналық мектеп оқушылары дала данышпаны Хакім Абайдың балалық шағы мен өскен ортасы, шығармашылығы туралы мағлұмат алды. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары хақында және ақындық айналасы мен ақындық өнер мектебі жайында сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.

  WhatsApp Image 2019-05-27 at 09.05.13 (1) Алдағы уақытта Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Абайтану дәрістерін жалғастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу іс-шараларына қолдау көрсету жоспарланып отыр.