АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ШЕЖІРЕСІ» 30.11.2018 16:24


DSC_0022  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және Ұлы дала шежіресі» атты танымдық-патриоттық мерекелік жүздесу кеші болып өтті.

   Мақсат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруда еDSC_0050ліміздің дамуына үлес қосып жүрген орта буын өкілдері - білім, мәдениет және ақпарат саласында ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан мамандардың әңгімесі арқылы егемен елдің шежіресін жұртшылыққа паш ету.

   Тәуелсіздік шежіресінің куәгерлері А.Тілеубаев, С.Нүсіпбаева, Б.Хамзин егемендіктің алғашқы жылдары мен бүгінгі күні дамудың биік белесіне көтерілген DSC_0053 мемлекетіміздің хал-ахуалы жайында студенттермен сұхбат құрды.

   Азаттық, тәуелсіздік хакім Абайдың арманы. Сахара даласының алып ойшылы Абай арманы бүгінде ақиқатқа айналып отыр. Осы тақырыпта студенттер өз ойларын ортаға салып, қатысушы меймандарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

   Сонымен қатар, шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жанынан құрылған «Абай» өнер мектебіне шәкірттерді қабылдау рәсіміұйымдастырылды.

   Шара соңында сұхбатқа қатысушы қонақтарға және жастарға кітаптар мен абайтануға қатысты жарық көрген музей өнімдері табысталды.

              DSC_0073      DSC_0081

              DSC_0088      DSC_0110