АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ 11.04.2018 10:55

 DSC_0079 10 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай» өнер мектебінде Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия оқушыларының еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығына арналған «Еңсесі биік Елорда» атты қолөнер туындылар көрмесінің ашылуы өтті.

  Көрменің ашылу салтанатын Абай қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ашып, қала мектептерінің «Абай» өнер мектебінде ұйымдастырып жүрген көрмелердің маңызынаDSC_0060 тоқталып, бүгінгі көрменің жұмысына сәттілік тіледі.

  Көрмеге оқушылардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы тері, ағаш, металл өңдеу техникаларында жасалған шығармашылық жұмыстары ұсынылған. Көрмедегі қолөнер туындылары арқылы оқушылардың жан жылуы мен жайлылыққа, шығармашылыққа және әсемдікке деген ұмтылыстарын көруге болады. Сонымен қатар, оқушылардың металл мен ағашқа шағын суреттер салуы бірегейлігімен тартымды.

  Көрме қарапайым нәрселерден ғажайып туындыларды көруге жол ашады, ең бастысы, жастардың  өнерге деген ынта-ықыласын тудырады.

  Көрменің ашылуында технология және бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі М.Маулетқызы сөз алып «Музей мен мектеп арасындағы байланысты дамытуда бұл көрменің маңызы зор», – деп атап өтті.

  Шара барысында гимназия оқушылары шағын концерттік номер қойып өз өнерлерін көрсетті.

  Соңында шараға қатысқан ұстаздар, студенттер мен оқушылар естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады.