АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

"ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ" КІТАП КӨРМЕСІ 16.09.2019 17:00

69307927_689183724889397_6813257813083553792_n   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Түйемойнақ аралында Семей полигонының жабылуына 28 жыл, «Невада-Семей» қозғалысының құрылуына 30 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз 69892514_689183778222725_8755839489198260224_n әлем» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 
  Мемлекеттің қабырғасы берік болу үшін оның аясында топтасқан түрлі ұлт өкілдерінің арасында ажырамас достық орнап, халықтың ұраны тек біреу ғана болуы керек. Ол – бейбітшілік!
Ғасыр дертіне айналған ядролық жарылыстардың зардабы күні бүгінге дейін жетті. Тек Қазақстан халқы ғана емес, сол сынақтардың нәтижесін көріп отырған халықтардың арманы мен тілегі – әлемдегі ядролық сынақтарды тоқтату, табиғат тазалығы, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу. 
69322119_689183891556047_4087487781096390656_n   Көрмеде «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» кітабындағы 1957 жылы 12 тамыздағы Токиоға сапарындағы фотосы мен естеліктері, сонымен қатар Абайдың ұрпағы, Семей облыстық «Невада-Семей» координациялық кеңесінің мүшесі И.Х.Искаковтің Семей полигонын жабу туралы кеңесте оқыған баяндамасы тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылып, М.Сәрсекенің «Семей қасіреті», «Таза табиғатпен – ядролық қарусыз ғасырға», Д.Сейсенұлы «Ядролық сынақ аймағы: Кеше және бүгін», «Семей елі, Семей жері» атты еңбектері таныстырылды. Көрмені Семей қаласының әкімі, форумға келген қонақтар, өзге ұлт өкілдері, студенттер мен оқушылар тамашалады.