АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

VIIІ КӨКБАЙ ОҚУЛАРЫ 18.04.2019 14:23

6925278B-18D5-4D6F-B8DD-D9DFE16CAD6A  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Абай ауданының білім бөлімінің ұйымдастырыуымен Абайдың талантты шәкірті, әрі адал досы Көкбай Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәстүрлі VIIІ «Көкбай оқулары» өткізілді.

  «Көкбай оқуларына» қатысқан 31 оқушы үш номинация бойынша бақтарын12884AF9-0C37-4C96-A6B4-58EB6A310A45 сынады. Әділ қазылар құрамының төрағасы Омбы қаласынан келген Көкбай ақынның немересі А.Көкбаев, Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалин, көкбайтанушы С.Кошкин, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің және Абай ауданы білім бөлімінің қызметкерлерінің шешіміне орай A1205EDC-9AE2-4338-9811-3C69C299DFB8 «Көл-көсір өлеңдеткен Көкбай ақын» номинациясында бас жүлдені Б.Абзалқызы, І орынды А.Табылғазы, ІІ орынды А.Серікқызы, ІІІ орынды Т.Ержанқызы иеленді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» номинациясында І орын Е.Сайлауғалиевка, ІІ орын Ә.Айтмұхамбетке, ІІІ орын Д.Манатаеваға бұйырды.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясында Н.Орынбекова І орын, А.Мұратбеков ІІ орын,  Қ.Қалиева ІІІ орын биігінен көрінді.

Сайысты ұйымдастыруға үлес қосқан Көкбай орта мектебінің директоры Ж.Тұрсынғалиұлына және қазақ тілі мен5C81040A-C5EB-4AAE-85E8-BB5AC2BE6C5A әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қадыроваға аталған шараны ұйымдастырғаны үшін музей тарапынан марапат көрсетіліп, музейдің баспа өнімдері  табысталды.

Байқау соңында шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары, A248849A-9F8D-4037-9130-BC53330B75E0 ұстаздар мен оқушылар Тақыр қыстауындағы Көкбай ақынның мешіт-медресесіне барып, ақын аруағына тағзым етті.