АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

VII КӨКБАЙ ОҚУЛАРЫ 09.04.2018 14:03

  bsmE7bEO5U4Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Абай ауданының Білім бөлімі бірлесе Абайдың талантты шәкірті, әрі адал досы Көкбай Жанатайұлының туғанына 157 жыл толуына арналған дәстүрлі VII «Көкбай оқулары» ұйымдастырылды.

  Байқаудың мақсаты: Көкбай ақынның өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, әдеби мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру болды.

  Оқушылар байқауға үш номинация бойынша қатысты. Шараға үлкенfrHwRfc8ZUo дайындықпен келген 32 қатысушы Көкбай ақынның шығармаларын жатқа оқыды. Өнерпаздар өз білімі және өнерімен жиналған көпшілік қауымды тәнті қылды. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Д.Бекенова иеленді. І номинация бойынша І орынды С.Ерболқызы, ІІ орынды А.Тынысбаева, Б.Абзалқызы, ІІІ орынды А.Баянбекова, А.Темірбекова иеленсе. ІІ номинация бойынша І орынды Ә.Айтмұхамбетов, ІІ орынды Б.Кәріпбаева, Н.Бауыржан, ІІІ орынды А.Бауыржанқызы, А.Серікқызы, Г.Қажыбекова өзара бөлісті.  ІІІ номинация бойынша І орынды М.Сұлтанұлы, ІІ орынды Б.Есенғалиев,  ІІІ орынды А.Ережепбаева, 8M2dCNK-HhwЗ.Байболова, Д.Мигенова және А.Камалбекова қанжығаларына байлады.

  Әділ қазылар құрамында Омбы қаласынан келген Көкбай ақынның немересі А.Көкбаев, Абай қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері М.Кенемолдин және көкбайтанушы С.Кошкин, Абай ауданының білім бөлімінің өкілдері болды.

  Сайысты ұйымдастыруға үлес қосқан Көкбай орта мектебінің директоры Ж.Тұрсынғалиұлы және осы мектептің ұстаздары А.Қадырова мен Т.Ержәнібекқызына Абай музейі тарапынан алғыс хат  табыс етілді.

  Байқауға  зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, ұстаздар және оқушылар қатысты.