АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САПАРЫ 20.06.2017 09:27

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне «Туған жер» бағдарламасы бойынша Петропавл қаласынан бір топ оқушы келді. Бас ақынның қара шаңырағы деп ат басын бұрған қонақтарды музей қызметкерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, музей экспозициясымен таныстырды.

  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – деген еді.

  Мақтаныш сезімін ұялатып осындай игі шара – өскелең ұрпақтың санасын нұрландырып, болашағымызды жарқын қылары айқын.