АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

TIKA ӨКІЛІ АБАЙ ШАҢЫРАҒЫНДА 02.08.2019 18:30

 67384346_672714483202988_1672087504850780160_o Абай музейінің шақыртуымен Түркия мемлекетінің даму және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ТІКА) Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбил іс-сапармен Семей 67890007_672714339869669_4578528926736842752_n қаласында болып қайтты.
  Семей елі, Шыңғыстау жеріне арнайы келген Э.Рутбил өз сапары аясында Бөрілідегі М.Әуезовтің музейін, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі мен «Абай-Шәкәрім» мавзолейі кешенін аралап, бас музейдегі экспозициялық залдармен және «Алаш арыстары М.Әуезов» музейімен танысып, 67802944_672714766536293_3808463740358098944_n хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына, Алаш арыстарының еңбегі мен қоғамдық істеріне қатысты мағлұматтарға қанықты.
  Сонымен қатар, Түркия мемлекетінің даму және ынтымақтастық жөніндегі 67588808_672714696536300_3679815021572915200_n мекемесінің (ТIКА) Қазақстандағы өкілі еліміздің руханият ордасы Семей қаласының көрікті жерлерін аралап, қазақ халқының ерекше ықыласы мен қонақжайлылығына алғысын білдірді.
 ТІКА фирмасының өкілі өз кезегінде Абай музейімен шығармашылық байланыстарды арттырып, 67726126_672714683202968_629797004804882432_o А.Құнанбайұлының мерейтойы аясында бірегей бастамаларға қолдау білдіріп, демеушілік танытатынын атап көрсетті.