name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ» КІТАП КӨРМЕСІ 19.04.2017 15:32

  IMG-20170419-WA0042Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Бұл күн қоғам назарын әлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында 1984 жылдың 18 сәуірінен бастап аталып келеді.

  Көрмеге аймақтың тарихи ескерткіштері жайында жан-жақты мәлімет беретін кітаптар қойылды. Ол кітаптардан Семейдегі Абай музейі, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі және Жидебайдағы Абайдың музей-үйі, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, К.Жанатайұлы мен Ш.Әбеновтің музей-үйлерінің құрылу тарихы жайында толық ақпарат алуға болады.

  Сонымен бірге көрмеге қазақ халқының тарихи, архитектуралық бай мұрасын құрайтын Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері, Бекет атаның жер асты мешіті, ежелгі Отырар қаласы турасында мағлұмат беретін суретті кітаптар, энциклопедиялар қойылды.

  Көрмені қаланың орта мектеп оқушылары тамашалады.