name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» 19.04.2017 11:54

  DSC_00222017 жылдың 18 сәуірінде Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

  Жыл сайын әлем қауымдастығы 18 сәуірде Халықаралық тарихи2 ескерткіштер және тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді.

  Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» - деп айтқан еді.

  Қазақ даласында да әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. Соның ішінде Семей қаласының тарихы әріден басталатын көне қалалардың бірі тарихи тұлғалардың 1ескерткіштеріне де бай. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов есімдерімен байланысты ескерткіштер - кейінгі ұрпақтың тағзым етіп, еске алуы үшін тәрбиелік мәні зор орындар.

  Танымдық кеш Абай қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаеваның алғы сөзімен ашылды.

  Кеш барысында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми анықтамалық ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісіDSC_0092 Л.Қ.Қадырова «Семей қаласының тарихи ғимараттары», Абай қорық-музейінің ғылыми қызметкері, тарихшы М.Кенемолдин «Алаш туы желбіреген ғимараттар» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

  Сонымен қатар, қалалық мәдениет сарайының директоры, Мәдениет қайраткері Н.Иманбаев, «Абай» өнер мектебінің жас өнерпаздары өнерлерін көрсетті.

  Кешке зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, музей қызметкерлері мен студенттер қатысты.