АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ТАРИХИ ҒИМАРАТ ЖАЙЛЫ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ 16.08.2019 14:00

68987992_681011835706586_4837833638747832320_n   Абай Құнанбайұлының 174 жылдығына орай Абай музейінің онкүндігі аясында «Алаш арыстары- Мұхтар Әуезов» музейінде «Абай тұрған шаңырақ» тақырыбында танымдық шара өткізілді.
  Шара барысында қазақтан шыққан тұңғыш қаржыгер, оқымысты, Абайдың жерлесі69081530_681011882373248_4006423576214241280_n әрі шәкірті болған Әнияр Молдабаевтың үйі тарихы жайлы ақпараттар берілді.
  Ә.Молдабаевтың үйі Ұлы ақынның өміріне тікелей қатысы бар тарихи орындардың бірі, Абай Құнанбайұлы Семейге келген сапарларында осы үйге түсіп жүрген және өзінің жеке жұмыс бөлмесі де болған.
  Қаламыздағы республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштердің бірі Абайдың өмірі 68496321_681012002373236_3282919838233657344_n жолына қатысы бар Ә.Молдабаевтың үйі бүгінгі күні еліміздегі Алаш қозғалысы мен қайраткерлеріне арналған алғашқы музей.
  1944-1967 жылдары бұл үйде Абай музейі орналасқан,1988 жылы қалалық балалар кітапханасы, 1990 жылы Абай музейіне қайта беріліп, 1997 жылдан Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына орай «Алаш арыстары- Мұхтар Әуезов» музей бөлімі ретінде ашылды.
  2017 жылы Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойына орай «Алаш арыстары- Мұхтар Әуезов» музей-үйі жаңа экспозициялық залдармен толықтырылды.