АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ТАРИХҚА ТІЛ БІТІРГЕН КӨРМЕ 17.10.2019 16:55

72576577_723757961431973_4142566321441210368_n    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ашылған күніне орай Семей қаласында Қазақстанның аса көрнекті 73009818_723757941431975_8710918576573251584_n тұлғалары Қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Абай халық жүрегінде» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
   Көрмеге Абай музейінің алғаш құрылыған кезінен бергі жинақталған архивтік деректерден бастап, түрлі құжаттар, тарихи фотосуреттер, А.Құнанбайұлына арналған әр жылдардағы 72452415_723758111431958_8418180838402818048_n мерейтойындағы қаулылар, Б.Байысовтың, Ә.Молдабаевтың, көпес Р.Ершовтың үйлерінің суреттері, ақын ұрпақтарының, абайтанушы ғалымдар М.Әуезов пен Қ.Мұхамедхановтың еңбектері, альбомдар,73475238_723758371431932_758389833180643328_n газеттер, медальдар, значоктар, кітаптар және музейге сыйға берілген жәдігерлер қойылды.
   Абай Алаштың ғана емес Адамзаттың Абайы екені даусыз. Сексен жылға жуық уақыттың ішінде Абай музейі рухани зерде орталығы ретінде абайтануға, Абайдың ақындық дәстүрін дәріптеуге зор үлес қосып, ұлы ақын мұрасын жан-жақты насихаттап келе жатқандығы көрмеде көрініс тапқан.