АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР - Б.ИСИН ТУЫНДЫЛАРЫНДА 27.11.2019 12:36

 78999717_758770391264063_1581715268319576064_n 27 қараша күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-78234451_758770994597336_1893417606384189440_n қорығының ұйымдастыруымен «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» көрмесінің ашылуы өткізілді.
   Кескіндемеші, акварельші және ағашты көркем өңдеуші шебер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Б.Исин Абай шаңырағымен шығармашылық байланыста жұмыс жасап, 2002-2003 жылдары Құндыздыдағы 77108665_758770861264016_7940059010223308800_n Шәкір Әбенұлының және 2006 жылы Жидебайдағы «Шәкәрімнің Саят қорасы» музейін безендірушісі ретінде музей экспозициясын жасақтаған мамандардың бірі.77086471_758771041263998_4441956714845044736_n
   Көрмеде дара өнер иесі Болат Исиннің қазақтың бас ақыны Абайдың және оның ақын шәкірттері Шәкәрімнің, Әсет Найманбайұлы мен Төлеу Көбдікұлының, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейдің, Алаштың соңғы тұяғы Қайым Мұхамедхановтың шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік және акварельдік туындылары көрермендер назарына ұсынылды.
77059371_758771197930649_5020057045143912448_n    Аталған көрменің ашылу рәсіміне қатысқан Семей қаласындағы мәдениет және өнер мекемелерінің мамандары, суретшілер және қаламыздағы оқу орындарының студенттері М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің ІІІ курс студенті А.Баяхметованың орындауындағы Абайдың «Татьянаға хат» әнін тыңдап, көрмеден орын алған Абайдың және оның айналасына қатысты иллюстрациялар мен өңіріміздегі тарихи тұлғалардың шығармашылығы хақындағы таңдаулы картиналарды тамашалады.