АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТАНЫМДЫҚ САБАҚ: ШӘКІР ЖӘНЕ ЗОБАЛАҢ ЖЫЛДАР 21.12.2017 09:27

2017-12-15 10-07-23Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі – Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының мұражай-үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  «Шәкір және зобалаң  жылдар» атты танымдық сабақ өткізілді.

Мақсаты – Шәкір шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдерді тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру, елжандылыққа тәрбиелеу.2017-12-15 10-31-37

Мәдени шара Ш.Әбенұлы  мұражайының экспозициясымен танысудан басталды. Оқушы жастар Шәкір ақынның ұрпағы, мұражай-үйінің жетекшісі Сана Шәкірқызының өлең-жыр, әкесі туралы естеліктермен өрнектелген экскурсиясына үлкен қызығушылық білдірді. Экскурсия барысында өздері қойған сауалдарына да толыққанды жауап алды.

2017-12-15 10-24-39 Шараға арнайы шақырылып, дайындықпен келген оқушылар
 Шәкір ақынның шығармаларын жатқа айтты. Төлендиев Ерқанат пен Амантөлеуов Жанболат Шәкір ақын туралы ойларымен бөлісті.

   Бұл бастама әрі қарай өз жалғасын табары сөзсіз. Мектеп, клуб үйі және мұражай арасында өзара тамаша бір көпір орнағандай болды.