name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА КІТАП КӨРМЕСІ 15.12.2016 16:25

 20161215_163921 Абайдың қорық-мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге тәуелсіздікке жеткен жылдары жеткен жетістіктерді көрсететін әдебиеттер қойылды.

  Қазақстанның тәуелсіздігі жолында орын алған, биылғы жылы 100 жыл толып отырған тарихи оқиға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Патшаның отарлық саясатына қарсы көтеріліс шын мәнінде қазақ халқының бостандыққа жету жолындағы алғашқы қадамы болды.

  Қазақстан Тәуелсіздігі тарихында Алаш қайраткерлерінің алатын орны ерекше. Алаш қозғалысы мен саяси партиясы  және Алаш Орда үкіметі қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалады. Көрмеге Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов, С.Сәдуақасовтардың  қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу мақсатындағы қызметін ашатын кітаптар қойылды.

  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы нүктесі болып табылады. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы қазақ халқының санасының өсуіне тікелей әсер етті. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның құлауы мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасын жариялаудың бастауы болды.

  Көрмеге 25 жылда тәуелсіз қазақ елінің қол жеткізген жетістіктерін паш ететін әдебиеттер, кітап-альбомдар қойылды.