name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТӘУЕЛСІЗДІК - АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ АРМАНЫ 15.12.2017 09:52

   DSC_0280Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде «Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың асыл арманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тәуелсіздік - кешегі ата-бабаларымыздың, «Ұраным - Алаш» деп атой салған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Р.Марсеков тағы басқа алаш зиялыларының аңсаған арманы.

   Халқымызға ғасырлар бойы арман болған бұл күн – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті мереке.

  Көрмеге тәуелсіздікті жырлаған ақындардың жыр шумақтары, Т.Жұртбайдың «Ұраным – Алаш»,DSC_0290 Қ.Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы», Қайым-Мұнар Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», «Алматы 1986 желтоқсан» т.б. кітаптар, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы материалдар қойылды.

  Кітап көрмесімен қаланың зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ өкілдері   танысты.