АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ТҰЛПАРДЫҢ ІЗІ ӨШПЕЙДІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ 19.03.2018 16:41

  DSC_0013Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік  қорық-музейінде көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Сейітжан Тәбәрікұлының 90 жылдығына арналған шаралар өтті. Еске алу шарасы марқұмның  тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатудан басталды. Тақта алдындағы жиыннан соң көпшілік Абай шаңырағына жиналып, қайраткердің «Тұлпардың ізі өшпейді» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.

  Рухани басқосуда  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-DSC_0023музейінің директоры Болат Жүнісбеков кіріспе жасап, жиылған қауымды аталған мерейтоймен құттықтады.

  Жиынды тарих ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, 28 томдық тарихи энциклопедия  кітаптарының авторы Б.Нәсенов жүргізді.

  Б.Нәсенов«Тұлпардың ізі өшпейді» атты кітаптың жазылу, жарық көру DSC_0079жайына тоқталып, осы туынды мазмұны мен Сейітжан ағаның қоғамдағы рөлі мен қайраткерлігі, адами болмысы мен қаламгерлік ерекшелігі, өнерпаздық қыры мен басшылық тәжірибесі туралы пікір білдірушілерге ретімен сөз берді. Олардың қатарында: М.Қосжанов, О.Шәріпбаев, тарих ғылымдарының кандидаты А.Исин,А.Ахметжанов, С.Медеуұлы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері болды.

  Шара барысында Семей қалалық Мәдениет сарайы және ОблыстықDSC_0128 Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның әншілері әсем әндер орындады.

 Соңында Абай музейінің директоры Б.Жүнісбеков кеш жүргізушісі Б.Нәсеновтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.