АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ТӨКЕН ИБРАГИМОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ 21.02.2019 17:49

   4 копия 18 ақпан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ұлы Абайға адал шырақшы болған абыз ақсақал, ұлт мұрасының қамқоры, ұлы ақынның қара шаңырағын 34 жыл басқарған, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегеріТөкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 80 жыл толуына арналған «АбайDSC_0003 мұрасының шырақшысы»әдеби-танымдық шарасы ұйымдастырылды.

   Т.Ибрагимовтың басшылығымен Абайдың әдеби музейі негізінде төрт көшеге қанатын жайған Абай қорық-музейінің Семейдегі бас кешені құрылды. Қазақстандағы Алаш арыстарына арналған тұңғыш «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі, Абай ауданында – Көкбай Жанатайұлының, Шәкір Әбенұлының, «Шәкәрімнің саят қорасы», Үржар ауданында – Әсет Найманбайұлының музейлері өз жұмысын бастады.

  DSC_0008  Сонымен қатар, хәкім Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті мен өнері жайында зерттеу еңбектері арқылы есімі республикаға белгілі Төкен Смайылұлы Ибрагимов – халқымыздың ән-күй өнеріне пайымды да парасатты пікір айтқан сыншы, өнер зерттеушісі. Қазақ мәдениеті, өнері жайында жазылған ғылыми еңбектерімен халыққа есімі кеңінен танылған тұлға. Қаламгер «Өлең өрісі», «Оймен оңаша» атты кітаптарының, «Индираға хат», «Толқын толғау» монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «СарыDSC_0025 құс» әңгімелері және тағы да басқа жүзден астам әдеби-сын, әдеби-зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы.

  Әдеби-танымдық шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбековтің құттықтау сөзімен ашылып, Т.Ибрагимовтың жары Нүрила Сәдуақасқызының иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді.

  DSC_0081 Абайтанудың абызы, тарих куәгері Б.Исабаев, көрнекті жазушы М.Сәрсеке, жазушы, ф.ғ.д., профессор, Төкен ағаның шәкірті Т.Жұртбай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Т.Әбдікәкімов, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Ш.Жанаева ТөкенDSC_0062 ағажайлы естеліктерімен бөлісті.

  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенттері Т.Ибрагимовтың шығармаларынан құрылған «Оймен оңаша» әдеби-музыкалық композициясын ел назарына ұсынса, Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармония әншілері Б.Омаров, Б.Түктібаев Абай әндерін орындады.

DSC_0071   Ұлы ақынның музейінде Т.Ибрагимовқа арналған «Абай мұрасының шырақшысы» кітап көрмесі ашылды. Шараға зиялы қауым өкілдері,DSC_0109 Т.Ибрагимовтың отбасы мүшелері қатысты.